Арабтар Қонаевта 28 млрд теңгеге Marriot қонақ үйі мен казино салады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: коллаж Kursiv Media

Араб Әмірліктерінен келген инвесторлар Қонаевтан әйгілі Marriot қонақүйін салмақшы. Бұл туралы облыстық туризм басқармасы хабарлады.

Marriott қонақ үйі мен казино

Негізгі инвестор – БАӘ-нің Heritage Investment Holdings компаниясы. Ол Marriott қонақ үйі мен казино құрылысына 28 миллиард теңге инвестиция салады. 7 гектар аумақты алып жатқан кешенде тек қонақ үй ғана емес, сонымен қатар ойын-сауық орталығы (казино) да болады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары мен қонақ үйдің қазаншұңқырын қазу ісі жүріп жатыр, жалпы нысанның 30 пайызы дайын.

Hilton қонақүйі

Қалада тағы бір бесжұлдызды қонақүй бой көтермек. Бірақ оның құрылысымен араб емес қазақстандық Abli-Entertainment компаниясы айналысады. 5 миллиард теңгеге әлемдік Hilton желісінің қонақ үйін салып жатыр. Көлемі 2,1 гектарды құрайды. Компанияның құрылтайшысы – Абылайхан Қаранеев. Adata мәліметтеріне сүйенсек, ол бұған дейін Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақ үйін басқаратын, атауы ұқсас Abli-Hotels компаниясының құрылтайшысы болған

Екі қонақүйдің құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталуы керек.

Қонаевтағы қонақүйлер мен казинолар жайлы 2025 жылы облыс әкімі айтқан еді. Оның сөзінше қазір қалада бар казинолардан  90-100 млрд теңге аралығында салық түседі екен.



Сондай-ақ оқыңыз