
Атырау облысында кісі өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталған сәті видеоға түсірілді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәліметінше, ведомство қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстаған.
Күдікті Сенару ауылы аумағында, Ломбок аралында қолға түскен. Аталған аймақ Индонезия Республикасы аумағына кіреді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, операция халықаралық ынтымақтастық аясында жүргізілген. Күдіктімен бірге оның бұрынғы жұбайы да анықталған.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Күдіктіні елге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Еске салайық, Атырау облысында бір отбасының жоғалып кетуі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.