
Бүгін, 27 ақпанда, 2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/8 финал жеребесі өтеді. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша Швейцарияның Ньон қаласында, UEFA штаб-пәтерінде ұйымдастырылады.
Жеребенің басталу уақыты Астана уақытымен сағат 16:00. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан көруге болады.
1/8 финалға кімдер шықты?
Жалпы кезеңнің үздік сегіз командасы: Арсенал, Бавария, Барселона, Ливерпуль, Манчестер Сити, Спортинг, Тоттенхэм, Челси.
Түйісу матчтардың жеңімпаздары: Аталанта, Атлетико, Байер, Буде-Глимт, Галатасарай, Ньюкасл, ПСЖ, Реал Мадрид.
Плей-офф кезеңінің кестесі
- 1/8 финал: 10–11 және 17–18 наурыз
- Ширек финал: 7–8 және 14–15 сәуір
- Жартылай финал: 28–29 сәуір және 5–6 мамыр
- Финал: 30 мамыр, Будапешт
Шешуші ойын Венгрия астанасындағы Пушкаш Арена стадионында өтеді.