Фельдшерлердің айлығына үстемеақы қосылды ма

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
жедел жәрдем
Фото: Shuttertsock

Ақордада журналистер Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан жедел жәрдем қызметкерлерінің айлығы жайлы сұрады.

«Осы жылдан бастап ауруханаларда тарифтерді көтеруге қаражат бөлінді. Ауруханада енді емханадағыдай жұмыстың ауқымына қарай дифференциалды түрде жалақыны көтерулеріне болады», – деді Әлназарова.

Министрдің айтуынша, 11.93 деген Үкімет қаулысымен бекітілгендей, қосымша жүктеме үшін ауруханаларға қосымша қаржы бөлу мәселесі реттелген. Осы қаулы негізінде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша қаражат бөлінген. Сонымен қатар жұқпалы аурулар бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге, дәрігерлерден бастап санитарларға дейін жалақыларына қосылатын үстемақы көтерілген.

«Сонда қаншаға өсті?» деген сұраққа Әлназарова мәліметтер БАҚ-та жарияланғанын айтып, сол көздерден көріп алуға кеңес берді.

Еске салсақ, 2025 жылғы қарашада жедел медициналық жәрдем көрсетіп жүрген уақытта ауыр жараланып, кейін ауруханада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанға ескерткіш тақта орнатылды. Ол Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына ілінді.

Сондай-ақ оқыңыз