
Футболдан 2026 жылғы Қазақстан Кубогының 1/16 финал кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Турнирге Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лига клубтары, сондай-ақ әуесқой командалар қатысады. Жеңімпаз келесі маусымда еурокубок жолдамасына ие болады.
1/16 финал жұптары:
- «Академия Оңтүстік» – Ордабасы
- «Екібастұз» – Каспий
- «Жас Қыран» – Атырау
- «Қаршыға» – Жетісу
- «Арыс» – Ақтөбе
- Тұран – «Елимай»
- «Zhelaev Nan» – «Алтай»
- Тараз – «Ұлытау»
- «Талас» – Қайсар
- «Жайық» – Қайрат
- «БКС» – Астана
- «Ансат» – Тобыл
- Шахтёр – «Оқжетпес»
- «Хромтау» – «Жеңіс»
- «SD Family» – Ертіс
- «Хан-Тәңірі» – Қызылжар
Қашан өтеді?
1/16 финал матчтары 8–9 сәуір күндері өтеді. Бұл кезеңде командалар бір ғана ойын өткізеді.
Еске салайық, Қазақстан Кубогының қазіргі иегері қостанайлық Тобол клубы. Тобыл ертең елордада алматылық «Қайрат» футбол клубымен Суперкубок үшін таласады.