Жаңалықтар

Каспий теңізінің жағалауында жер сілкінді

Каспий теңізі / фото: shutterstock
Каспий теңізі / фото: shutterstock

27 ақпанда Астана уақытымен сағат 16:52-де Каспий теңізінің Әзербайжан жағалауында жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ Ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Ұлттық орталық жерасты дүмпуінің қуатын 4,9 балға бағалады. Дүмпу ошағы Баку қаласынан солтүстік-батыста шамамен 70-80 шақырым жерде орналасқан.

гугл карта жер сілкінген жер
фото: Google map

Жер сілкінісі Қазақстаннан шамамен 325 шақырым жерде болды.

Бір күн бұрын, 26 ақпанда, Жетісу облысында жер сілкінген. Ұлттық орталық дүмпу қуатын 3.8 балға бағалаған.

17 ақпанда Алматы қаласына жақын маңда жер сілкінген. Оның әсерін мегаполис тұрғындары да сезген.