120% өсіммен ақша берген: СҚО-да заңсыз «банкирдің» мүлкі тәркіленді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Казахстанка через суд вернула деньги за бракованный Chery Tiggo 7 PRO
Ірі алаяқтың ісі сотқа кетті / Фото: Shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында 12 жыл бойы тұрғындарды қарызға батырып, мүлкін тартып алып келген күдіктінің ісі сотқа жолданды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл азамат 2013 жылдан бері тиісті лицензиясыз жеке және заңды тұлғаларға жоғары пайызбен ақша беріп келген.

Несиенің жылдық мөлшерлемесі 60%-дан 120%-ға дейін жеткен, бұл заңды банктер ұсынатын мөлшерлемеден бірнеше есе көп.

Күдікті өз ісін «заңдастыру» үшін қулыққа басқан: келісімшарт жасасқанда құжатқа нақты берілген ақшадан әлдеқайда қомақты соманы жазып отырған.

Ал қарызды қайтаруды қамтамасыз ету үшін мүлікті сатып алу-сату туралы жалған келісімшарттар жасасқан. Осы заңсыз әрекеттерінің арқасында ол 1,8 млрд теңгеден астам пайда тапқан.

Алайда бұл тек қаржылық қылмыс емес. Тергеу анықтағандай, күдікті қарыз алушыларды қорқытып, оларға күш көрсеткен және психологиялық қысым жасаған.

Тіпті 11 млн теңгені әртүрлі құжаттарды пайдалана отырып, сот арқылы екі рет өндіріп алуға тырысқан алаяқтық деректері де әшкере болды.

Дүние-мүлкі тәркіленді

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Оның қылмыстық жолмен тапқан 1,1 млрд теңге болатын мүлкіне, атап айтқанда 2 пәтері, 2 жер үйі, жер учаскесі мен Land Rover Range Rover, Hyundai Staria автокөліктеріне арест қойылды.

Іс бойынша соңғы нүктені сот қояды.

Бұған дейін Түркістан облысында 49 мектептің қаржысын жымқырғандар сотталған.

Сондай-ақ оқыңыз