
Польшада қазақстандық әйел жоғалып кетті деген ақпарат тарады. Бұл туралы «Варшава здесь» Facebook парақшасында бірнеше күн бұрын айтылған.
Желідегі ақпаратқа сәйкес, 1980 жылы туған Екатерина Шиловамен байланысы 18 ақпанда үзілген. Сол күні әйел Варшавадан Астанаға ұшып шығуы болған, бірақ ұшаққа отырмаған.
Екатеринаның әпкесінің айтуынша, әйелден күмәнді хабарлама келген. Ол жерде Германияға жақсы жұмысқа шақырғанын айтып, байланысқа кейін шығатынын мәлімдеген. Туыстары бұл хабарламаны Екатерина жазбады деп санайды.
Екатерина Шилова арық келген, бойы 165 см., қара шашты.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі осы жағдайға қатысты кейінірек толық ақпарат беретінін мәлімдеді.