Польшада жоғалған әйелдің жақындары Бас прокуратурадан көмек сұрайды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Екатерина Шилова әпкесі Ирина Геберт
фото: скрин Halyqstan телеграм арнасынан

Польшада жоғалған Екатерина Шилованың әпкесі Бас прокуратураға үндеу жасап, бауырын табуға көмектесуін өтінеді. Бейнежазбаны желіге жариялаған.

Ирина Геберттің сөзінше, Екатерина Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Ол Варшавадан Астанаға ұшып шығуы керек еді, бірақ сол күйі рейске отырмаған. Осы жылдың 19 ақпанынан бастап туыстарымен де хабарласпаған.

Иринаның сөзінше, Екатерина біраз уақыт шетелде жұмыс істеп, енді үйіне қайтпақ болған. Жанында құжаттары және 6 млн теңгедей ақшасы да бар көрінеді.

«Ұшар алдында әпкем маған қоңырау шалып, 19 ақпанда үйде күтіңдер деп айтты. Бірақ, өкінішке қарай, ұшақтың Алматыға аман-есен қонғанын, ал әпкем Екатерина Шилова бортта болмағанын білдік. Уайымдай бастадық. Содан кейін оның нөмірінен ата-анама «Германиядан жұмыс ұсынғандықтан, қайтудан айнып қалдым» деген хабарлама келді. Бұл оның мінезіне мүлдем ұқсамайды. Біз оған бірден қоңырау шалдық, бірақ байланыс үзілді. Содан бері жан-жаққа хабарласып, дабыл қағып жатырмыз. Өкінішке қарай, оның телефондары өшірулі», – дейді Ирина Геберт.

Ол Бас Прокуратураға қайырылып, істі бақылауға алуын өтінеді.

«Құрметті Бас прокурор, осы жағдайға араласуыңызды сұраймын, әпкемізді табуға көмектесіңізші», – деді ол.

Бүгін таңертең БАҚ-та Польшада қазақстандық әйелдің жоғалып кеткені жайлы ақпарат тарады. Әзірге бұған қатысты СІМ ақпарат бермеді.

Сондай-ақ оқыңыз