Қазақстан Қытайға бес млрд текше метр газ экспорттады

ҚР Энергетика министрлігінің алқа отырысында «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшысы Әлібек Жамауов компанияның ел бюджетіне қанша салық төлейтінін хабарлады.
«2025 жылы газды магистральдық тасымалдаудың жалпы көлемі 88,5 миллиард текше метрді құрады. Ішкі нарыққа біз 20,5 миллиард текше метр газ қойдық», – деді Жамауов.
Оның айтуынша, қазақстандықтардың газ тұтыну шығындарын азайтуға компания 190 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған.
Қытайға бес миллиард текше метр газ экспортталды. Ішкі нарықты субсидиялау бір жыл ішінде 190,5 миллиард теңгені құраған. Ел бюджетіне шамамен 302,1 миллиард теңге төленді.
Бұған дейін Kursiv.Media Қашағанда өндірілген мұнайдың бір бөлігі Қытайға жөнелтіліп жатқанын жазған. Бұл уақытта Алматы қаласында қытай туристері күрт көбейді.