
Бұрынғы кәсіби кикбоксер, қазір атышулы блогер ретінде танылған Эндрю Тейт Қазақстанға келді. Оған Қазақстан қатты ұнаған.
Блогердің пікірінше, қазақстандықтар АҚШ пен Еуропада үйреншікті болып кеткен көптеген тақырыптарды біле бермейді.
«Мен қазір Алматыда жүрмін. Мен Қазақстанға ұшып келдім. Алматы – таза әрі заманауи қала. Таңқаларлық. Ең таңқалатын нәрсем, Қазақстанда іскерлік кездесуден бөлек, адамдармен де сөйлесемін. Мен олардың дүниетанымын түсінгім келеді. Мен үлкен құрметпен айтып жатырмын. Қазақстан басқа планетадан келген өзге ғаламшарлықтарға ұқсайды», – деді ол.
Блогер қазақстандықтардың Батыс елдерінің тұрғындарынан басты айырмашылықтарын тізбектеп көрсетіп берді.
«Сіз өзіңізді Жерге келген өзге ғаламшарлықпен деп сезініп көріңізші. Қоғамға деген көзқарасымызды қалыптастыру үшін қолданылатын нәрселер бұл жерде жүрмейді. Олар ЛГБТ, феминизмнен хабарсыз. Сионизм туралы де ештеңе білмейді. Ашық шекара дегенді де білмейді. Ештеңе білмейді. Олардан Батыстың «жарасы» жайлы сұрасаң, ештеңеден бейхабар», – деді блогер.
Айта кететін жайт, ағайынды Эндрю Тейт пен Тристан Тейттің Ұлыбритания және АҚШ азаматтығы бар. Олар 2023 жылы Румынияда ұсталған болатын. Олардың үстінен «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «адам саудасымен айналысты» және «зорлық жасады» деген айыптар бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.