«Реал Мадрид» – «Манчестер Сити»: Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Жарияланды

2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/8 финал кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Швейцарияның Ньон қаласында өткен шарада Еуропаның үздік клубтары өз қарсыластарын білді.
1/8 финал жұптары:
- Реал Мадрид – Манчестер Сити
- Буде-Глимт – Спортинг
- ПСЖ – Челси
- Барселона – Ньюкасл
- Ливерпуль – Галатасарай
- Атлетико Мадрид – Тоттенхэм
- Аталанта – Бавария
- Байер – Арсенал
Бұл кезеңнің матчтары екі ойыннан тұрады. Алғашқы кездесулер 10–11 наурызда, жауапты матчтар 17–18 наурыз күндері өтеді.
1/8 финалда бірқатар тартысты қарсыластар анықталды. Әсіресе «Реал Мадрид» пен «Манчестер Сити» арасындағы текетірес, сондай-ақ «ПСЖ» мен «Челси» жұптары жанкүйерлер қызығушылығын арттырып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Футболдан Қазақстан кубогының жеребесі де тартылған еді.