Щучинскіде жарақат алғандар туралы ақпарат жарияланды

Ақмола облысындағы дәмханада болған жарылыстан қайтыс болғандардың аты-жөні жарияланды.
Ақмола әкімдігінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті адамның алтауы дәмханада жұмыс істеген. Бір адамға қатысты ақпарат нақтыланып жатыр. Сондай-ақ әкімдік 16 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпаратты тексереді.
Алдын ала ақпарат бойынша, жасөспірім дәмханаға анасымен бірге барған. Анасы сол жерде жұмыс істеген. Қыздың анасы аман қалды.
Желіде қайтыс болғандар мен күйік шалған адамдар туралы ақпарат жарияланды. Ол жерде жалпы 20 адам бар. Құжатқа сәйкес, 7 адам жансақтау бөлімінде ем алып жатыр, 5 адам травматологиялық бөлімде, бір адам хирургия бөлімінде жатыр. Екі адам қайтыс болған. Қалған азаматтар амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Қайтыс болғандардың арасында 2010 жылы туған Елизавета Казанцева мен аты-жөні белгісіз әйел бар.
Жансақтау бөлімінде жатқан бір әйелдің денесінің 80%-ын күйік шалған. Тағы бір ер адамның денесінің 70%-ын күйген. Тағы екі әйел мен бір ер адамның денесінің 50%-ы күйгені көрсетілген. Жансақтау бөлімінде денесінің 36 және 45 пайызы күйген бір әйел мен бір ер адам бар.
Щучинскідегі жарылыс
Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйде орналасқан кафеде газ жарылды. Жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиғадан 28 адам зардап шекті. Ішінде 13-і ауруханаға жатқызылды, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 7 адам қайтыс болды.