Шортанды қаласында кафеде жарылыс болып, алты адам қаза тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Шортанды қаласында кафеде жарылыс болды
фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Шортанды қаласында бес қабатты тұрғын үйде орналасқан кафеде газ бен ауа қоспасы жарылды. Қайғылы оқиға 26 ақпанда түнде болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кафедегі жарылыстан алты адам қаза тауып, тағы жиырма шақты адам зардап шекті.

Шортанды қаласында кафеде жарылыс болды
фото: Ақмола облысы ТЖД

Өрт толығымен сөндірілді. Құтқарушылар ғимараттағы қираған заттарды тысқа шығарды. Жарылыстың нақты неден болғаны анықталып жатыр.

Шортанды қаласында кафеде жарылыс болды
фото: Ақмола облысы ТЖД

Құтқарушылар оқиға орнына хабар түскеннен кейін 5 минуттың ішінде жеткен. Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, оннан астам адамды құтқарды.

Шортанды қаласында кафеде жарылыс болды
фото: Ақмола облысы ТЖД

Оқиға орнына департамент басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, барлық ТЖД бөлімшелері жүр. Медициналық қызметтер мен полиция да келді.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел желі телефонын іске қосты: 8 (7162) 514-298.

Сондай-ақ оқыңыз