Мұғалімі қол жүгірткен оқушыға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр

Оқу-ағарту министрлігі Шымкентте оқушыға қол жүгіртті деген мұғалімге қатысты жанжалға пікір білдірді.
Ведомство өкілдері баланың қауіпсіздігі мен жай-күйін бірінші орынға қою керек деген пікірді айтады.
«2024 жылдан бастап елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін заңнамалық нормалар қатаңдатылды. Физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай әрбір жағдай уәкілетті органдардың ерекше бақылауында болады және кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады», – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Ведомство дерегінше, қазір кәмелетке толмаған балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың анасымен тұрақты байланыста отыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, бүгін таңертең Шымкенттегі жекеменшік мектептердің бірінде 36 жастағы мұғалімнің жеті жастағы оқушыға қол жүгірткені жайлы жаңалық тарады. Мектеп оқушысының сөзінше, педагог оны тізесін отырғызып, әдепсіз әрекеттер жасаған. Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.