СІМ қазақстандықтарға Ираннан кетуге кеңес берді

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды әзірге Иранға бармай тұруға шақырды. Ал қазір Иран аумағында жүрген азаматтарға елден кетуге кеңес беріледі.
Сондай-ақ, оларға қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, жаңалықтарды қадағалап отыруға және жергілікті билік органдарының ұсыныстарын қатаң сақтауға кеңес беріледі.
«Сонымен қатар, біз өз азаматтарымызды Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлауға қазіргі жағдайды және оның күрт шиеленісуін ескере отырып, салмақты түрде қарауға шақырамыз», – делінген СІМ мәлімдемесінде.
Ведомствода Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.
Сондай-ақ, қосымша және жедел ақпарат алу үшін байланыстар жарияланды, Ирандағы ҚР азаматтары, сондай-ақ олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.
- Сыртқы істер министрлігі: +7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат, жұмыс күндері – 19:00 – ден 09:00-ге дейін, демалыс күндері-тәулік бойы); +7 7172 72 05 00 (консулдық қызмет департаменті);
- Ирандағы елшілік (Тегеран қ.): +98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекшісі); +98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp); мекен-жайы: Тегеран қаласы, Даррус, Хедаят көшесі, №83 (83 Hedayat Street, Darrous, Tehran); электрондық пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com
- Горгандағы Қазақстан Бас консулдығы: +98 912 298 0350 (ұялы телефон); +98 173 252 0443 (жұмыс телефоны); +7 701 771 34 01 (Whatsapp); мекен-жайы: Горган қаласы, Едалат көшесі-97, Мина аллеясы (Edalat 97, Gorgan); электрондық пошта: gorgan@mfa.kz;
- Бандер-Аббас қаласындағы ҚР консулдығы: +98 930 298 57 03 (ұялы телефон, Whatsapp); мекен-жайы: Бандер Аббас қаласы, Фаджр көшесі, Вальфаджр-1, 7 үй (1st Valfajr 7, Fajr Street, Bandar-Abbas); электрондық пошта: kzvisabnd@gmail.com