Университеттерде Жасанды интеллект факультеттері ашылады

Астанада өткен алқа отырысында премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЖОО-ларда Жасанды интеллект факультеттерін ашуды тапсырды. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Министрлік мәліметінше, жиында педагогтерді ЖИ технологиялары саласында даярлау мәселесіне ден қойылып, мұғалімдерді қайта даярлау қажеттігі де қозғалған.
«Осыған байланысты барлық профильді педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттерін ашу тапсырылды», – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, вице-премьер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін де қайта қарау қажеттігін тапсырған. Атап айтқанда, қаржыландыру тетігін жетілдіру, еңбек нарығын жүйелі зерттеу және дуальды оқыту үлгісін енгізу бойынша бойынша шұғыл шаралар қабылдау керектігін тапсырған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жасанды интеллект мектепке нақты қалай енгізіліп жатқаны жайлы зерттеу жазған едік.