
Әлемдік сахнаның жарық жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнерде ғана емес, өмірде де нағыз мәрттік танытып, көпшілікті тәнті етті.
Димаш қысқы олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа су жаңа Hyundai Palisade автокөлігін тарту етті. Әнші бұл игі ісін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, спортшыға деген ақ тілегін білдірді.
«Мишабай, аман-есен елге жетуіңмен! Өзімнің атымнан ғана емес, сенің жеңісіңнен мерейі көкке көтерілген барша қазақстандықтардың атынан Hyundai Palisade автокөлігін уәде еткенімдей табыстадым,» – деп жазды Димаш.
Еске сала кетейік, бұған олимпиада чемпионына бірнеше пәтер берілген еді. Сондай-ақ, Михаилдың әкесі Станислав Шайдоровқа кәсіпкер Арсен Томский көлік мінгізді.