Иранға соққыдан кейін Трамп қатаң мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп бейнеүндеумен шығып, Иранға соққыны Израильмен қатар АҚШ та жасағанын мәлім етті.
Трамптың айтуынша, америкалық әскерилер Иран аумағында ауқымды әскери операция бастаған. Мақсаты – ирандық режим тарапынан төнетін тікелей қауіп-қатерлерді жою арқылы Америка халқын қорғау.
«Иран ешқашан ядролық қаруға ие бола алмайды. Иран өзінің ядролық бағдарламасын қалпына келтіруге тырысты. Иран АҚШ пен басқа да елдерге қауіп төндіретін алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды әзірлеуде. Біз олардың зымырандарын жойып, зымыран өнеркәсібін жермен-жексен етеміз. Флотын жоямыз. Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермейміз», – деді Трамп сенбі күні жасаған бейнеүндеуінде.
Еске салсақ, бүгін Израиль Иранға қарсы алдын ала соққы жасағанын елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеген еді.