
Отбасы банк салымшыларға мемлекеттік сыйлықақы түсе бастағанын жария етті.
«Сүйінші! Отбасы Банк салымшылары үшін тамаша жаңалық – шоттарға 157 280 теңге көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақы түсе бастады! Бұл – жеке баспанасына ұмтылған жандар үшін маңызды қолдау әрі армандаған пәтерге жасалған сенімді қадам. Сыйлықақы бүкіл Қазақстан бойынша кезең-кезеңімен аударылуда. Егер сізге әлі түспесе – алаңдамаңыз, жақын уақытта міндетті түрде түседі», – делінген банк хабарламасында.
Банк азаматтарға мобильді қосымша арқылы шотты тексеріп көруді ұсынады.
Бұған дейін Отбасы банк клиенттеріне зейнетақы жинақтарын пайдалануға арналған онлайн-платформаның жұмыс кестесіндегі өзгерістерді хабарлаған еді.