«Тобыл» Суперкубок иегері атанды

28 ақпанда «Астана Арена» стадионында футболдан маусымашар дода Қазақстан Суперкубогының финалдық кездесуі өтті.
Алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы матч нағыз тартысқа толы болып, жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды.
Ойын барысы
Кездесу өте белсенді басталды. Ойынның 6-минутында-ақ «Тобыл» сапынан Л. Герра есеп ашып, командасын алға шығарды. Алайда, «Қайрат» көп ұзамай жауап қайтарды:
20-минутта Мрынский таразы басын теңестірді (1:1). 26-минута Қайраттың жаңа ойыншысы Оксанен командасын алға шығарды.
Екінші таймның соңына дейін «Қайрат» басымдықты ұстап тұрғанымен, 89-минутта «Тобылдың» капитаны Асхат Тағыберген айып добынан әдемі соққысымен есепті теңестіріп (2:2), ойынды пенальти сериясына ұластырды.
Пенальти сериясы
Пенальти сериясы кезінде қостанайлық клубтың футболшылары асқан дәлдік танытты. Пенальти сериясы 4:5 есебімен «Тобылдың» пайдасына аяқталды.
Осылайша, «Тобыл» футбол клубы 2026 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.