Жаңалықтар

Warner Bros компаниясы 110 млрд долларға сатылды

Ойын-сауық индустриясындағы ірі мәміле аясында Paramount Skydance компаниясы Warner Bros. компаниясын 110 млрд долларға сатып алады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

«Netflix компаниясының PSKY ұсынысын қабылдауға заңды құқығы болды. Алайда олар мұндай қадамға бармауды шешті. Соның нәтижесінде бүгін таңертең PSKY-мен келісімге қол қойылды», – деді Warner Bros-тың табыс және стратегия жөніндегі директоры Брюс Кэмпбелл.

Келісім Paramount пен Netflix арасындағы тартысқа нүкте қойды. Бұған дейін Netflix бәсекелесінің бір акцияға 31 доллар көлеміндегі ұсынысын қабылдаудан бас тартқан. Warner Bros. бұл ұсынысты стриминг алыбының студиялық және стримингтік активтері үшін бір акцияға 27,75 доллар көлеміндегі ұсынысынан тиімді деп бағалаған.

Екі компанияның бірігуі екі ірі киностудияға, сондай-ақ HBO Max және Paramount+ стриминг платформаларына әсер етеді. Бұдан бөлек, келісім жаңалықтар бөлімшелері – CNN және CBS қызметіне де ықпал етпек.