АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылынан 200-ден астам адам қаза тапты

Израиль мен АҚШ күштерінің 28 ақпандағы Иранға шабуылдарынан кем дегенде 201 адам қаза тапты. Иран мемлекеттік ақпарат құралдары осындай мәлімет таратты.
Жергілікті Press TV телеарнасының дерегінше, Минаб қаласындағы қыздар медрессесінің ғимаратына зымыран түсіп, кем дегенде 85 оқушы қыз мерт болды. Тағы 92 адам жараланды.
Телеарна құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатқанын, шабуыл құрбандары үйінде астында қалғанын хабарлады.
Press TV таратқан видеодан ондаған азаматтың қираған медресе ғимаратын аршып жатқанын көруге болады.
CNN телеарнасының хабарлауынша, Минаб қаласындағы мектеп әскери базадан 60 метр жерде орналасқан. Бұрындары медресе сол базаның бір бөлігі болғанға ұқсайды.
АҚШ орталық әскери қолбасшылығының өкілі Тим Хокинс медресеге жасалған туралы сауалға жауап берді.
«Әскери операция барысында азаматтық нысан зардап шеккені туралы мәліметтерден хабардармыз. Біз тексеру жүргізіп жатырмыз. Азаматтарды қорғау басымды ие», – деген әскери шенеунік. Хокинстің мәлімдемесін CNN таратты.
Сенбі күні таңертең Израиль мен Құрама Штаттар Иранның Тегеран және басқа да қалаларындағы нысандарды әуеден атқылады. Артынша Иран билігі Таяу Шығыстағы бірнеше елде орналасқан америкалық нысандарға соққы берді.