БАҚ: Аятолла Әли Хаменеидің қызы мен күйеу баласы, келіні де қайтыс болды
Жарияланды

АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылы салдарынан Әли Хаменеидің туыстары да қайтыс болды. Оның қызы, күйеу баласы, келіні және немересі қаза тапты деп жазады Иранның Fars агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап.
«Жоғарғы Көшбасшының айналасындағы сенімді дереккөздермен байланыс орнатқаннан кейін оның қызы, күйеу баласы және немересінің шәһид болғаны туралы хабар расталды», – деп жазылған агенттік хабарламасында.
Ол үшеуі және бір келіні 28 ақпанда Аятолланың резиденциясына шабуыл кезінде қайтыс болған деген нұсқа айтылады.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп та Аятолла Әли Хаменеидің мерт болғанын хабарлады. Дереккөздердің бірінің айтуынша, ол Израиль аятолла сүйегінің суретін алған.