Жаңалықтар

Burj Al Arab — әлемдегі жалғыз 7 жұлдыз қонақ үй дрон соққысынан өртенді

Дубай қаласындағы The Burj Al Arab Hotel қонақ үйі
фото: shutterstock

Дубай қаласында Burj Al Arab (Бурдж әл Араб) люкс қонақ үйі 1 наурызда таңертең иран дрондары шабуылынан өртенді. Оқыс оқиғаны шаһар үкіметі растады.

Әлемде жеті жұлдызға ие жалғыз қонақ үй – Burj Al Arab ғимаратының бір бүйірі өртеніп жатқаны туралы видеолар әлеуметтік желілерде тез тарады. 321 метрлік биік ғимаратқа бірінші қабаттан алтыншы қабатқа дейін от шалғаны байқалды. Қонақ үй 60 қабаттан тұрады.

Дубай үкіметі әйгілі қонақ үйге дрондар шабуылдағанын растады.

«Билік дронды қағып үлгергенін растады. Оның қалдықтарынан Бурдж әл Араб қонақ үйінің қасбеті аздап өртенді», – деп хабарлады Дубай үкіметінің ресми медиа-ұйымы.

Орталық мәліметінше, азаматтық қорғаныс тобы шұғыл әрекет етіп, жағдайға бақылау орнатқан. Зардап шеккен азаматтар туралы мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні таңертең Дубайдағы халықаралық әуежай да дрондар шабуылына ұшырап, бірнеше адам зардап шеккен.