Жаңалықтар

Хаменеи қазасынан соң Иранды кім басқаратыны мәлім болды

Иран президенті Масуд Пезешкиан
Масуд Пезешкиан / фото: shutterstock

Иранның жоғары көсемі аятолла Әли Хаменеи қазасынан соң елді кім басқаратыны мәлім болды.

Иран президенті Масуд Пезешкиан өтпелі кезеңде жоғары көсем қызметін қоса атқарады. Марқұмның кеңесшісі, бірінші вице-президент Мұхаммед Мохбардың мәлімдеуінше, Иран Конституциясының 111-бабында мұндай жағдайда өтпелі үкіметті президент, сот билігінің басшысы және Иран сақшылары кеңесінің мүшесі басқаратыны айтылған. Жаңа көсемді 88 дін басшысынан тұратын үлемдер кеңесі сайлайды.

Бұл уақытта CNN телеарнасы аятолла Хаменеидің орнын басуы мүмкін бес адамның есімін атады. Олар:

  • Моджтаба Хаменеи – аятолланың 56 жастағы екінші ұлы. Ол Ислам революциясы сақшылары корпусымен тығыз байланыс орнатқан ықпалды адам;
  • Әлиреза Арафи – 67 жастағы дін қызметкері. Қазір ол Үлемдер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр;
  • Мұхаммед Мехди Мирбагер – үлемдер кеңесінің мүшесі. Қазір қасиетті Құм қаласындағы Ислам ғылым академиясын басқарады;
  • Хасан Хомейни – аятолла Рухолла Хомейнидің немересі. Қазір Хомейни кесенесін басқарады, мемлекеттік қызметтер атқармаған.
  • Хашем Хоссейни Бушери – үлемдер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары.

Үлемдер кеңесі елдің жоғары көсемін бір мәрте ғана сайлаған. 1979 жылы аятолла Рухолла Хомейни қайтыс болып, оның орнына аятолла Әли Хаменеи келген. Соңғы Иран билігін 36 жыл басқарды. 86 жастағы Хаменеи 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль шабуылдары барысында қаза тапты.

Tasnim иран ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла қазасынан соң елде қырық күн аза тұту жарияланды.