Трамп: Иран көсемі Хаменеи «мерт болды»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи «мерт болды» деп мәлімдеді. Ақ үй басшысы аятолланы «тарихтағы ең зұлым адамдардың бірі» деп сипаттады.
«Тарихтағы ең зұлым адамдардың бірі Хаменеи мерт болды», – деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне.
Құрама Штаттар президентінің мәлімдеуінше, аятолла америкалық «барлау мен технологиясы жоғары іздеу жүйесінен қашып құтыла алмаған».

Трамп аятолламен бірге тағы бірнеше шенеунік «өлтірілді» деп жазды, бірақ олардың аты-жөнін атамады.
«Иран халқы үшін елді өзіне қаратудың ұлы мүмкіндігі туды. Ислам революциясы сақшылары корпусыны, армия және басқа да қауіпсіздік күштері, полиция бізден соғысқысы келмейтінін, бізден қорған іздейтінін естіп отырмыз», – дейді АҚШ президенті.

Дегенмен Трамп дәл соққылар бүкіл Таяу Шығыста бейбітшілік орнамайынша «апта бойы жалғаса беретінін» ескертіп отыр.
Оның алдында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да Иранның жоғары көсемі «мерт болғанын» меңзейтін «жайттар көп» деп мәлімдеген. Бірақ Нетаньяху да, Трамп та аятолланың өліміне дәлел келтірген жоқ.
Бұл уақытта Иранның сыртқы істер министрі Эсмаил Багаи ABC News телеарнасына аятолла Хаменеи «қауіпсіз жерде» екенін хабарлаған.