Lifestyle

8 наурыз мерекесінде Алматыда қайда баруға болады

фото: shutterstock

Көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күні жақындап қалды. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін биылғы мерекелік бағдарлама өте бай болмақ. Егер сіз жақындарыңызға немесе өзіңізге ұмытылмас кеш сыйлағыңыз келсе, отандық жұлдыздардың концерттеріне назар аударыңыз.

Айқын Төлепберген: «СЕН» атты концерт

Мерекелік марафонды 6 наурыз күні Айқын Төлепберген бастайды. Әнші өзінің өнер жолындағы 20 жылдық мерейтойын жанкүйерлерімен бірге атап өтпек.

Қатысатын өнерпаздар: Shiza, Al Nasr, Жұлдыз Өмірғали, Argonya.
Уақыты: 19:00.
Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы.

Нұрболат Абдуллин: Мерекелік кездесу

7 наурыз күні эстраданың жарық жұлдызы Нұрболат Абдуллин Республика сарайының сахнасында өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Республика сарайы.

Мақпал Жүнісова: Халықтың ерке қызымен жүздесу

Дәл мереке күні, 8 наурыз күні, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнаға шығады.

Уақыты: 16:00 және 20:00 (екі сеанс).
Өтетін орны: Республика сарайы.

Қуандық Рахым: 10 жылдық шығармашылық белес

Мерекелік кештер сериясын 9 наурыз күні Қуандық Рахым қорытындылайды. Әнші сахнадағы 10 жылдық мерейтойына орай жеке концертін ұсынады.

Қуандықта Республика сарайында сағат 16:00 және 20:00 де екі сеанс береді.

Биылғы наурыз айының басы Алматыда музыкаға толы болмақ. Анаңызға, жарыңызға немесе қарындасыңызға билетті Fredoom Ticketon сайтынан ала аласыз.

Кинопрокат

Әртістік концерттер мен мерекелік бағдарламалардан бөлек, кинотеатрларда да жақсы туындылар көрсетіледі. Азамат Сатыбалды түсірген жаңа фильмі «Мама» 5 наурыздан бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Соңғы махаббат», «Ғашықпын саған» және «Пейіш 2» фильмдері де кинопрокатта көрсетіліп жатыр.