Әнші Bayansulu-дың бейнебаяндары YouTube-тен жоғалып кетті

Жарияланды 2 Наурыз 2026 16:28

(жаңартылды 3 Наурыз 2026 07:17)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Қазақстандық әнші Баянсұлу Сағындықованың YouTube арнасынан бірқатар танымал бейнебаяндары көрінбей кетті. Қазіргі таңда арнада тек «Мүмкін емес» әнінің бейнебаяны ғана қалған.

Бұл жағдай желі қолданушылары арасында түрлі болжам тудырды. Жанкүйерлер әнші продюсерімен жұмысын тоқтатқан болуы мүмкін деген пікір айтып жатыр.

Осы мәселеге байланысты Kursiv.Media тілшісі әншінің менеджеріне ресми сауал жолдады. Әзірге нақты себептері туралы түсініктеме берілген жоқ.

фото: скрин

Еске сала кетейік, бұған дейін Bayansulu-ның әніне Армения премьер-министрі билеп, видео жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз