Жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам ата-анасы мен қарындасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

полиция
Фото: Shutterstock

Ақмола облысының Жібек жолы ауылында қайғылы оқиға болды. Әлеуметтік желілерде ер адамның анасы, әкесі және қарындасын өлтіргені туралы ақпарат тарады.

Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.

«Жібек жолы ауылында орын алған адам өлтіру дерегіне байланысты әлеуметтік желілерде түрлі жорамалдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралуда. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел іздестіру шаралары барысында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметке сәйкес оқиғаға күдіктінің психикалық сырқаты себеп болуы мүмкін делінген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысында бір отбасының жоғалып кетуі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Жақында ата-енесін өлтірді деген күдікті жігіт Индонезияда ұсталды.