Астана әуежайындағы қауіпсіздік жүйелері тексеріліп жатыр
Жарияланды

Астана әуежайындағы қауіпсіздік жүйесі тексеруден өтіп жатыр. Бұл туралы әуежай әкімшілігі хабарлады.
Бұл жоспарлы тексеріс. Күні бойы әртүрлі уақытта дабыл қағылуы мүмкін. Мұның төтенше жағдайға қатысы жоқ, жолаушылар мен қызметкерлерге қауіп төндірмейді деп ескертеді әуежай өкілдері.
Дабыл жүйесі іске қосылмай тұрып дауыс зорайтқышпен ескерту жасалады.
Бұл шаралар тиісті қызметтердің бақылауымен жүріп жатыр. Негізгі мақсаты – әуежай жұмысының қауіпсіздігі мен сенімділігін сақтау.
Астана әуежайының жұмысындағы өзгеріс бұл ғана емес. 15 сәуір-31 мамыр аралығында нысандағы ұшу-қону алаңдары уақытша жабық болады. Әуе порты 10:00 – 18:00 аралығында рейстер қабылдай алмайды.