Ирандағы оқушылардың қазасы: министр Сүлейменова үн қатты

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: ISNA

Ирандағы мектеп оқушыларының қаза табуына байланысты Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова желіде жазба жариялады.

«Иранда орын алған қайғылы оқиға – 160 мектеп оқушы қыздардың қаза табуы туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Бейбіт күнде білім алып, болашаққа қадам басуы тиіс балалардың өмірінің үзілуі – барша адамзат үшін орны толмас қасірет. Бала тәрбиесімен айналысатын адам ретінде балалар ешқашан қандай да бір қақтығыстың, жанжалдың немесе саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс деп санаймын»,  – деді министр.

Сүлейменова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық мәселелерді бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу ұстанымын қолдайтынын жеткізді.

Министр қаза болған ирандық оқушылардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салсақ, Израиль мен АҚШ күштерінің 28 ақпандағы Иранға шабуылдарынан кем дегенде 201 адам қаза тапты.

Иранның оңтүстігіндегі мектепке жасалған зымырандық соққы салдарынан қаза тапқан оқушы саны 160 адамға жетті. Тағы 90-нан астам адам жарақат алды, деп хабарлады Fars агенттігі.

Сондай-ақ оқыңыз