11,7 пайыз: Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметінше, биылғы ақпан айында жылдық инфляция 11,7%-ды құрады. Салыстырар болсақ, қаңтарда бұл көрсеткіш 12,2% болған еді. Яғни, баға әлі де өсіп жатыр, бірақ алдыңғы айлармен салыстырғанда өсу жылдамдығы сәл баяулаған.

Дегенмен бір айдың ішіндегі (қаңтардан ақпанға дейінгі) бағаның өсімі 1,1% болды. Бұл алдыңғы айдағы көрсеткіштен (1%) сәл жоғары.

Не қымбаттады?

Шығындарды бөліп қарасақ, халықтың қалтасына ең қатты бататыны – азық-түлік. Олардың бағасы бір жылда 12,7%-ға артқан. Басқа санаттар бойынша жағдай мынадай:

  • Азық-түлік емес тауарлар (киім, тұрмыстық техника, дәрі-дәрмек): +11,6%
  • Ақылы қызметтер (шаштараз, көлік, білім беру): +10,8%

Үкіметтің шешімімен коммуналдық тарифтердің өсуіне 2026 жылдың 31 наурызына дейін шектеу қойылған. Бұл қызмет көрсету саласындағы инфляцияның күрт өсіп кетпеуіне септігін тигізіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз