Жаңалықтар

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Дубайдағы қонақүйлердің бағасы арзандап жатқаны рас па

Иран атысы Дубайдағы қонақүй бағасына қалай әсер етті / Фото: shutterstock

Әлеуметтік желілер мен телеграм-арналарда Иран соққысынана кейін Дубайдың элиталы ең қымбат қонақүйлеріндегі баға бірден 60%-ға арзандағаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Желіде тараған сринге сенсек, Дубайдың Burj Al Arab Jumeirah , Atlantis The Royal, Armani Hotel Dubai сынды қонақүйлерінің бағасы 60%-ға дейін арзандаған-мыс. Алайда жаһандық брондау жүйелері мен агрегаторлардан (Booking.com, Kayak, Skyscanner және Agodа) алынған дерек бойынша, атыс басталғаны бері баға қатты арзандамаған.

Қонақ үй атауы28 ақпан2 наурыз Дереккөз (Агрегатор)
Burj Al Arab Jumeirah$1,760 – $2,450$1,210 – $1,620Kayak / Booking
Atlantis The Royal$1,480 – $1,900$910 – $1,350Booking / Skyscanner
Armani Hotel Dubai$850 – $1,100$620 – $780Kayak / Skyscanner
Address Downtown$740 – $950$425 – $615Kayak / Booking
FIVE Palm Jumeirah$450 – $580$280 – $430Skyscanner / Kayak

Ақпан айы Дубайда туристік маусымның ең қызатын кезі. Skyscanner деректері бойынша, ақпан – қонақүй бағасы ең жоғары ай. Орташа тәуліктік құны 469 доллар шамасында қалыптасады. 28 ақпан сенбі күніне сәйкес келгендіктен, бағалар демалыс күні ең қымбат бағаны ұстап тұр.

Әлемдегі жалғыз 7 жұлдыз қонақүй – Burj Al Arab дрон соққысынан өртенді. Burj Al Arab ғимаратының бір бүйірі өртеніп жатқаны туралы видеолар әлеуметтік желілерде тез тарады. 321 метрлік биік ғимараттың бірінші қабаттан алтыншы қабатына дейін от шалғаны байқалды. Қонақүй 60 қабаттан тұрады.