
Қазақстандық актриса Ақнұр Рахат жеке өмірі мен шығармашылығы туралы Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында ашық айтты. 21 жасында тұрмыс құрып, некесі сәтсіз болған Ақнұр Рахат бүгінде тұрмыс құру жайлы нақты жоспар жоғын айтып, басты назарын өз дамуына аударып отырғанын жеткізді.
«Білмеймін, ол туралы ойламадым да. Қазір көп фокусты өзіме қойып жатырмын. Өзімде қатыгез болып бара жатырмын ба, білмеймін, қорқыныш та бар», – деді актриса.
«Тұз» сериалындағы батыл қадам
Актриса шығармашылық жолындағы жаңа белеске де тоқталды. Тұз сериалында алғаш рет төсек сахналарына түскенін айтты.
«Актерлік мансабымдағы алғашқы төсек сахналарым. Қобалжу бар. «Ойбай» дейсіздер ғой», – деп ағынан жарылды ол.
Сонымен қатар актриса кино түсіріліміндегі сүйісу сахналары экранда көрінгендей әсерлі бола бермейтінін айтты. Оның айтуынша, түсірілім алаңында камера, жарық, режиссерлік нұсқаулар секілді көптеген техникалық деталь бар, сондықтан романтикалық сәттердің өзі кәсіби жұмыс процесінің бір бөлігіне айналады.
Бүгінде Ақнұр Рахат жеке өміріндегі өзгерістерден гөрі, актерлік шеберлігін шыңдауға және жаңа рөлдерге басымдық беріп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін актер Азамат Сатыбалды «Қазақфильмнен» қудаланғаны туралы айтты.