Lifestyle

«Қазақфильмнен кетпегенімде қазір ауруханада жатар едім» – Азамат Сатыбалды

фото: скрин

Танымал актер Азамат Сатыбалды «Қазақфильмнен» не себепті кеткенін алғаш рет ашық айтты. Актер бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеді.

Азамат Сатыбалдының айтуынша, «Қазақфильмде» басшылық қызметте жүрген кезінде өзіне түрлі қысым көрсетілген. Тіпті қастандық әрекеттері, қорқыту хабарламалары мен арандатулар болғанын жасырмады.

«Денсаулығыма зиян келтіру, қорқытулар болды. WhatsApp-ыма үйімнің суреттерін жіберді. Көлігіме түрлі жазулар жазылды. Осындай жағдайлардан кейін кетуге мәжбүр болдым. Дер кезінде кеткеніме қуанамын. Әйтпесе қазір ауруханада жатар ма едім…», – деді актер.

Дегенмен Сатыбалды нақты қандай қастандық әрекеттері болғанын ашып айтудан бас тартты. Оның сөзінше, бұл жайттарды сала ішінде жүрген адамдар жақсы біледі.

«Қазақфильмде жұмыс істемейтін, бірақ сол маңайында жүрген белгілі бір тобыр бар», – деді Сатыбалды.

Азамат Сатыбалды өзінің қауіпсіздігі мен отбасының амандығын бәрінен жоғары қоятынын атап өтті.

YouTube video player

Еске сала кетейік, Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» киностудиясына 2023 жылы басшылық қызметіне тағайындалып тура бір жылдан кейін даумен кеткен еді.