Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны рекордтық көрсеткішке жетті

Фото: kursiv.media мұрағаты

2026 жылдың 2 наурызындағы мәліметке сәйкес Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Бюро ұсынған мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елімізде қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ал ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.

Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға көбейген. Оның ішінде 15,8 мың адам – табиғи өсімнің, 2,3 мың адам – көші-қонның сальдосы нәтижесі.

Статистикалық деректерге сәйкес, халық саны бойынша Алматы және Астана, Шымкент қалалары, Түркістан және Алматы облысы көш бастап тұр.

Былтыр елімізге 17 мыңға жуық қандас оралған. Олардың басым көпшілігі Өзбекстан, Қытай және Түркіменстаннан қоныс аударған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан халқы 20,4 млн адамнан асқанын хабарлағанбыз.