Республикалық бюджет кірісі екі айда жоспардан асты – 2,9 трлн теңге жиналды

Жарияланды 2 Наурыз 2026 08:48

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: коллаж Kursiv Media

2026 жылдың қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі тұрақты орындалды. 1 наурыздағы есеп бойынша, қазынаға 2 трлн 979 млрд теңге түсті деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кіріс 677,5 млрд теңгеге артқан. Өсу қарқыны – 129,4%.

Негізгі өсім қайдан келді?

Кірістің артуы негізінен ірі салықтар есебінен қамтамасыз етілген:

  • Корпоративтік табыс салығы (КТС) – 116,9% (+118 млрд теңге);
  • Қосылған құн салығы (ҚҚС) – 138,8% (+428,6 млрд теңге).

Неге қаңтардағы деректер толық картинаны көрсетпейді?

Бұған дейін қаңтарда 2025 жылғы республикалық бюджеттің толық орындалмағанын жазған едік. Қаржы министрлігінің дерегінше, жалпы бюджетке 21,39 трлн теңге түсуі керек болғанмын іс жүзінде 300 млрд теңгеге аз шыққан.

Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, қаңтардағы сандар толық картинаны көрсетпейді. Себебі 2025 жылдың төртінші тоқсаны үшін бірқатар негізгі төлемдердің мерзімі 2026 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасты. Сондықтан түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпан айының қорытындысында қалыптасады.

Мәселен, 1 наурызға қарай ҚҚС бойынша жоспар 119,8% орындалған.

  • Жоспар – 1 281 млрд теңге;
  • Нақты түскені – 1 534,5 млрд теңге.
Сондай-ақ оқыңыз