Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендер ауыр жағдайда жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Казахстанцы соболезнуют семьям жертв взрыва в Щучинске
Щучинскіде жеті адам қаза тапты/фото: ТЖМ

Щучинскідегі жарылыстан кейін зардап шеккен науқастар ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек айтты.

Маманның сөзінше, 4 науқас «Авиценна Бурабай» ауруханасында ауыр жағдайда жатыр.

«Көпсалалы облыстық ауруханада тағы төрт 4 науқас жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған. Екеуінің жағдайы аса ауыр. Астанадан анестезиолог-реаниматологтар, эфферентологтар келді», – дейді Нариман Ермек.

Айта кетейік, зардап шеккендердің ішінде бес адам медициналық авиация желісі арқылы Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген. Олардың ішінде 1990 жылы туған ер адам мен 1989 жылы туған әйел (ерлі-зайыпты), 1977 және 1988 жылы туған ер адам, 2006 жылы туған қыз бар.

Ішінде үш науқас комбустиология бар іріңді-септикалық хирургия және департаментінде ем қабылдап жатыр. Екі пациент анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

Зардап шеккендердің жалпы жағдайы ауыр деп бағаланған.

Щучинскідегі жарылыс

27 ақпанға қараған түні Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйде орналасқан дәмханада газ жарылды. Жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиғадан 28 адам зардап шекті. Ішінде 13-і ауруханаға жатқызылды, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 7 адам қайтыс болды.

Содан кейін Бурабай ауданының әкімі қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден берілетінін айтты.

Жарылыста зардап шеккен бес отбасының несиелері демеушілік қаражат есебінен өтелетін болды.

Сондай-ақ оқыңыз