Таяу Шығыстағы қазақстандықтарға тегін интернет пен қоңырау пакеттері ұсынылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фейк об опасных сирийцах и афганцах распространяется от имени МВД Казахстана
фото: shutterstock

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтарды қолдау шаралары туралы мәлімдеді.

Министрлік еліміздің ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы байланыс пакеттерін іске қосты. Бұл пакеттер көрсетілген елдер аумағында болған кезде интернет пен қоңырауларды тегін пайдалануға мүмкіндік береді.

Қолдау шаралары туралы толық ақпаратты мобильді операторлардың ресми сайттары мен қосымшалары арқылы білуге болады. Министрлік байланыс операторларына бастаманы жедел жүзеге асырғаны үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ азаматтарды Қазақстан Республикасының ресми қызметтері мен елшіліктерінің ұсынымдарын сақтауға, жеке қауіпсіздікке және жақындарының амандығына ерекше назар аударуға шақырды. Ведомство жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, шетелдегі отандастарға қажетті қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыратынын мәлім етті.

Бұған дейін, Kaspi.kz Таяу Шығыста қиындыққа тап болған қазақстандықтарға арналған арнайы материалдық қолдау бағдарламасын іске қосқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз