
Мемлекет басшысы Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда. Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, Бахрейн халқына тілектес екенін айтқан.
«Мемлекет басшысы Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымын зымыранмен атқылауға алаңдаушылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жағдайды одан әрі ушықтырмай, қақтығысты диалог және дипломатия жолымен бейбіт түрде шешуді құптайтынын жеткізді», – деп жазады Ақорда.
Өз кезегінде король Хамад бен Иса Әл Халифа қолдауы үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Екі тараптың ынтымақтастығын одан әрі жандандыруға ниетті екенін де жеткізді.
Бұған дейін Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізген.