Жаңалықтар

Иранға жасалатын күшті соққылар әлі алда –Трамп

Трамп бұл ұстанымын желтоқсан айында Флоридадағы кездесуде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жеткізген / shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
Трамп: Иранға жасалатын күшті соққылар әлі алда / shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

АҚШ президенті Дональд Трамп CNN-ге берген сұхбатында АҚШ әскери күштері Иранға қатты соққы беріп жатқанын, бірақ «үлкен толқын» әлі алда екенін айтты.

«Оларды жай ғана мамық пен күлге айналдырамыз. Менің ойымша, бұл өте жақсы жүріп жатыр. Бұл өте күшті. Бізде әлемдегі ең күшті әскер бар және біз оны қолданамыз. Біз оларға әлі қатты соққы бере бастаған жоқпыз. Үлкен толқын әлі келген жоқ. Жақында үлкен толқын келеді», – деді Трамп CNN-ге.

АҚШ президентінің айтуынша, Иранның аймақтағы араб елдері: Бахрейн, Иордания, Кувейт, Қатар және Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған шабуылдары оған «ең үлкен тосын сый» болды.

Дональд Трамп өзінің командасы Иранмен келіссөздер жүргізуге тырысқанын, бірақ мәміле жасалмағанын, Тегеран уранды байытуды тоқтатуға келіспегенін айтты. Оның айтуынша, әрбір жаңа ұсыныс алдыңғы ұсыныстардан бас тартумен бепте-бет келді.

New York Post газетіне берген сұхбатында Дональд Трамп қажет болған жағдайда Иранға америкалық әскерлерді жіберу мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Менде құрлықтағы әскерлерді жіберу туралы алаңдаушылық жоқ – барлық президент: «Құрлық әскерін жіберуге болмайды»,  – деді. Мен олай айтпаймын. Менің ойымша: «Олар қажет емес шығар», – деді Дональд Трамп.

Трамп бұған дейін Иранға шабуыл шамамен төрт аптаға созылады деп есептегенін айтқан болатын, New York Post газетіне берген сұхбатында ол бұл мерзім қысқартылуы мүмкін екенін атап өтті.

Бүгін Трамп үш америкалық сарбаз қайтыс болғаннан кейін Құрмет медалімен марапаттау рәсімін өткізеді. Бұған дейін АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы Иранға АҚШ-Израиль бірлескен шабуылы кезінде өз сарбаздарының қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

2026 жылдың 28 ақпанында Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады. Сол күні Иран Израильдегі және араб елдеріндегі АҚШ әскери базаларына және басқа да нысандарға қарсы шабуыл жасады. Өзара шабуылдар жалғасуда. 

Иранды 37 жыл басқарған Аятолла Әли Хаменеи 1 наурызда АҚШ-Израиль шабуылынан қайтыс болды. Оның көзін жою операциясы қалай жүргенін мына жерден оқи аласыздар.