Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі бизнесін көрсетті

Жарияланды 2 Наурыз 2026 11:04

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Ол біреудің емес, өз тауарларының жарнамасын жасап жатқанын айтты / фото: Instagram
Ол біреудің емес, өз жарнамасын жасап жатқанын айтты / фото: Instagram

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі  Айман Талғатқызы құпиясын ашып, қандай бизнестері бар екенін жариялады.

Айман Талғатқызы Юникло брендін ұсынып жатыр. Юниказ дүкенін жауып, қалған тауарларды арзанға сатып жатқанын айтты.

«Бұрын ЮниКаз деген дүкен болған. Қазір жауып тастадық. Сондағы қалған киімдерді өз бағасынан төмен етіп сатып тастасақ деген ой бар», – деп жазды Айман Талғатқызы.

Сонымен қатар Айман Талғатқызы Юникло деген брендінің тауарының сапасы керемет екеніне сенімді.

«Юникло брендін барлығыңыз білесіздер деп ойлаймын. Бір алып, 10 жылдан аса киесіз. Жеңіл әрі әдемі. Мұндай баға өздерінде қазір жоқ. Қойманы босату  үшін барлығын төмен бағада берсек дейміз», – деп жазды Қабатовтың екінші әйелі.

Оның айтуынша, қыстық киімдердің бағасы қазір түсіп жатыр. Сондықтан қазір алып қойса, келесі қыста ұтатын боласыз. Астанада бұл бренд өте қымбат тұрады.

«Бұл жарнама біреудікі емес. Өзіміздікі. Тек тұрғанша арзан етіп сатып тастайық деп ойладық», – дейді Айман Талғатқызы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі мұның алдында оразаға арналған ерекше десерт мәзірін ұсынған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз