
Абу-Дабидегі Zayed халықаралық әуежайы рейстерді қайта іске қоса бастады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Ең алдымен Гонконгқа жүк рейсі жөнелтілді. Қазіргі уақытта ұшақ Оманның әуе кеңістігінде. Бұл – бүгінгі тәулікте жіберілген алғашқы рейс«, – делінген дереккөзде.
Сонымен қатар, 2 наурызға бірнеше рейс жоспарланғаны айтылды. Олардың қатарында Лондон, Париж және Мәскеу бағыттары бар.
Айта кетейік, 1 наурыз таңертең Дубай әуежайы шабуылға ұшырап, бірнеше адам зардап шекті.
Қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінде 2,5 мың қазақстандық турист бар. Олардың барлығы тур-кодпен сапарға шыққан азаматтар. Сондай-ақ, Сауд Арабиясында 200-ден аса, Қатарда 1 мыңнан астам турист жүр.