Сәуірден бастап Қазақстандағы бірнеше жол ақылы болуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Көлік министрлігі елдегі бірнеше жол учаскесін ақылы ету туралы жоба әзірледі. Олар Балқаш – Бұрылбайтал, Бұрылбайтал – Құрты және Талдықорған – Өскемен жолдарына қатысты болмақ. Төлем көліктің категориясына және өткен қашықтыққа байланысты мемлекеттік нөмірді тану жүйесі арқылы автоматты түрде алынатын болады. Бұл туралы Kursiv.media Kolesa.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Балқаш – Бұрылбайтал

Бұрын тек Балқаш қаласынан Бұрылбайтал ауылына дейінгі 91 км жол ақылы болатын. Жаңа өзгерістерге сәйкес, Қарағанды қаласынан Балқаш арқылы Бұрылбайталға дейінгі 645 км жолдың барлық бөлігін ақылы ету жоспарлануда. Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелген жеңіл автокөліктер үшін айлық және жылдық абонементтер енгізілмек.

Бұрылбайтал – Құрты

226 км ұзындықтағы жол учаскесінде барлық көлік түрлерінен төлем алынуы жоспарлануда. Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелген жеңіл автокөліктер үшін айлық және жылдық абонементтер қарастырылған.

Осылайша, Алматыдан Қарағандыға дейінгі жолдың басым бөлігі ақылы болады. Болашақта құрылыс аяқталғаннан кейін Құртыдан Қонаевқа дейінгі учаскеге де тарифтер енгізіледі.

Талдықорған – Өскемен

Бұл жолдың алғашқы 32,4 км бөлігі жеңіл автокөліктер үшін ақылы болады. Ал автобус пен жүк көліктері үшін барлық 773 км жол ақылы болады.
Алматы, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген көліктерге айлық және жылдық абонементтер қарастырылған.

Жобалар 17 наурызға дейін талқылауға шығарылған. Егер кесте сақталса, 2026 жылғы сәуір-мамырдан бастап аталған жолдар ақылы режимге өтеді. Тариф мөлшері әзірге келісу сатысында.

Еске салсақ, осыған дейін «Respublica» партиясы фракциясының депутаты Олжас Құспеков Қазақстанда Жол қорын құруды ұсынған еді. Ол республикалық
жолдарды салу, күтіп ұстау және жаңғыртуға бағытталады. 

Сондай-ақ оқыңыз