Авто

Қытайлық Great Wall Wingle 7 пикабы енді Қазақстанда құрастырылады

Great Wall Wingle 7
Фото: motor92.ru, бильд-редактор: Серікжан Қобланбаев

Толық жетекті Great Wall Wingle 7 пикапы Қазақстанда көлік түрін тіркеу куәлігін алды. Құжат «Қазстандарт» ашық реестрінде жарияланды. Бұл дегеніміз қытайлық модель Қазақстанда құрастырылады және отандық нарыққа шығады.

Өндіруші ретінде Алматыдағы Hyundai Trans Auto зауыты көрсетілген.

Техника және өлшемдер

Wingle 7 N1 категориясына жатады. Өлшемдері – 5395 х 1800 х 1760 мм, доңғалақ базасы – 3350 мм.

Фото: motor92.ru

Модель екі қозғалтқыш нұсқасында ұсынылуы мүмкін:

  • 2,0 литрлік турбодизель, қуаты 143 ат күші.
  • 2,4 литрлік бензин қозғалтқышы, қуаты 149 ат күші

Беріліс қорабы – механикалық, 5 немесе 6 сатылы.

Жабдықталуы және бағасы

Фото: motor92.ru

Негізгі нұсқада ауа баптағыш және алдыңғы қауіпсіздік жастықтары қарастырылған. Қосымша ретінде артқы камера және дөңгелек қысымын бақылау жүйесі қолжетімді.

Еске сала кетейік, бұрын импорттық нұсқа ресми дилерде 13,5 млн теңгеден басталған еді. Жергілікті өндірісте баға қолжетімді болуы мүмкін. Алайда нақты баға жабдықталуына және локализация деңгейіне байланысты өзгеретін болады.

Айта кетейік,кКөлік құралдары типін мақұлдау реестрінде жаңа Changan моделінің құжаты да жарияланды.  Ол CS35 Max индекспен шығады.