
FlyDubai әуе компаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейсті орындап, Қазақстанға 306 адамды қайтарды. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомстводан хабарлауынша, екі рейс те сейсенбіде Дубай – Астана және Дубай – Алматы бағыты бойынша ұйымдастырылды. 151 адамды Астанаға және 155 адамды Алматыға тасымалдаған.
«Бүгін FlyDubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейсті орындады. Нәтижесінде 306 жолаушы Қазақстанға оралды», – делінген хабарламада.
Министрлік бұл бағыт бойынша жұмыс Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүргізіліп жатқанын атап өтті. Азаматтарды қайтару бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Сондай-ақ, 3 наурызда Air Astana Сауд Арабиясынан жоспарланған эвакуациялық рейстерді орындайды. Қазіргі уақытта Мединадан екі рейс жалпы сыйымдылығы 290 орындық Airbus A320 және Джиддадан Airbus A321-ге жалпы сыйымдылығы 339 орындық екі рейс бар.
SCAT әуекомпаниясы сыйымдылығы 290 орындық Boeing – 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат (Оман)- Алматы бағыты бойынша әкету рейсін жоспарлады. Алматыдан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де өтті.
Сонымен қатар, жақын арада Медина мен Джиддадан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарланған.
Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде жолаушылар алғыс сөздерімен бөлісіп, атқарылған жұмыстар туралы оң пікірлер жариялайды.
Айта кетейік, 4 наурызда Жидда қаласынан Қазақстанның 343 азаматын эвакуациялау жоспарланғанын жазған едік.