
4 наурызда Жидда қаласынан Қазақстанның 343 азаматын эвакуациялау жоспарланған. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді.
Бақаевтың нақтылауынша, тізімге бірінші кезекте кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, 60 жастан асқан азаматтар, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар жандар енгізілген.
«Балалардың жалпы санын нақты айта алмаймын, себебі борт әлі жасақталып жатыр. Қазір біз адамдарды Жидда және Маскат қалаларына жинап жатырмыз. Олар ұшаққа отырған бойда нақты саны белгілі болады», – деп толықтырды ол.
Осыған дейін Дубайдағы 340 қазақ турисі елге оралатынын жазғанбыз. Flydubai әуе компаниясы оларды Дубай – Алматы және Дубай – Астана рейстерін әкелуді жоспарлап отыр.