Жаңалықтар

4 наурыздан бастап Алматы автобустарында жаңа төлем жүйесі енгізіледі

автобус
Фото: kursiv.media Офелия Жақаева, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

4 наурыздан бастап Алматыда Avtobys электронды төлем жүйесі іске қосылады. Жаңа сервис әзірге қаланың барлық бағыттарын қамтымайды. Бастапқы кезеңде Avtobys жүйесі арқылы төлем жасау мүмкіндігі келесі маршруттарда ғана қолжетімді болады:

  • № 51, 117, 219, 221, 228, 234 және 258.

Сервисті пайдалану үшін жолаушыларға бірнеше қарапайым қадамды орындау қажет:

  1. Қосымшаны жүктеу: App Store, Google Play немесе AppGallery дүкендерінен Avtobys қолданбасын орнату.
  2. Тіркелу: Жеке телефон нөмірі арқылы тіркеуден өту.
  3. Балансты толтыру: Қолданба ішіндегі смарт-әмиянның теңгерімін толтыру.
    Бұл жүйе жолақы төлеу процесін жеңілдетіп, жолаушылар үшін баламалы әрі ыңғайлы құрал болуды көздейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда самокаттардың да маусымы басталғаны туралы жазған едік.