8 наурыз қарсаңында алаяқтар ер адамдарды қалай алдайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Жеңілдігі бар» деп жоқ тауарды сатады / Фото: Shutterstock
«Жеңілдігі бар» деп жоқ тауарды сатады / Фото: Shutterstock

Полиция 8 наурызда сүйіктісіне сыйлық алғысы келген ер адамдарға ескерту жасап, алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтты.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.

«8 наурыз қарсаңында алаяқтар белсенді әрекетке көшеді. Олар басқа біреудің Instagram-аккаунты мен ЖК-ны пайдаланады. «Жеңілдігі бар» деп жоқ тауарды сатады», – деп ескертті Рустам Әбдірахманов.

Алаяқтарға алданбау үшін басты қағидаларды ұмытпаған жөн. Оларға аз-кем тоқталсақ, күдік келтіретіндей төмен баға ұсынса, сақ болу керек. Аккаунт пен сатып алушылардың пікірлерін қарау қажет. Ұрынып қалмас үшін ресми дүкендерде сауда жасау сенімді.  

«Ақшаңызға мұқият болыңыз», – деп ескертті полиция өкілі.

Рустам Әбдірахманов Алматы облысында қыздың қыр соңынан қалмаған жігіттің қамалғаны туралы хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз